Атырау, 13 мамыр 07:45
 ашықВ Атырау +28
$ 513.74
€ 569.17
₽ 6.33

Күдікті сөмке табылған Өскеменнің өнеркәсіп алаңы қоршауға алынды

1 686 просмотра

Фото: Tengrinews.kzБүгін таңертең Промышленная көшесіндегі жаяу жолда табылған қараусыз сөмкенің ішіндегі заттарды ІІД-нің мамандары зерттеп жатыр,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Өнеркәсіп алаңынын ауданы қоршауға алынды, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды, оқиға орнында қырағы тұрғындар байқаған сөмкенің ішіндегі заттарды саперлер тексеруде.

ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаевтың түсіндіруінше, полицияға қоңырау бүгін таңертең, сағат 8-дің кезінде келіп түскен. Матадан тігілген сөмкені әскери-техникалық мектептің жанында қала тұрғындары анықтаған.

«Қырағылық танытқан қала тұрғындары полицияға хабарласты. Қауіпсіздік мақсатында өнеркәсіп алаңының ауданы қоршауға алынып, жақын орналасқан ғимараттардағы адамдар қауіпсіз жерге шығарылды, оқиға орнына саперлер шақырылды. Әзірге сөмкенің ішіндегі заттарды мамандар тексеріп жатыр, біз ақпарат күтіп отырмыз», - деп түсіндірді Б.Торғаев.

Дереккөз:Іnform.kz

15 маусым 2016, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.