Атырау, 11 қазан 13:27
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қазақстан азаматтары заңдастыру аясында банк есепшоттарына 978 млрд. теңге салды

1 504 просмотра

Фото: chuprina.kzҚазақстан азаматтары заңдастыру аясында банк есепшоттарына 978 млрд. теңге салды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қазақстан азаматтары заңдастыру акциясының 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың 13 маусымына дейінгі кезеңінде 1438 банк есепшотын ашып, оларға 978 млрд. теңге салды. Барлық ақшаның 91 пайызы мүлікті жария ету талаптарын жеңілдетуге бағытталған түзетулер қолданысқа енгізілген соң, яғни 2015 жылғы 29 қарашадан кейін жария етілді», - деді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, 782 млрд. теңге шетелдік валюта түрінде заңдастырған. Шетелдік валютаның басым бөлігін АҚШ доллары құрайды. Ол заңдастырылған шетелдік валютаның 81 пайызына тең.

«Заңдастырылған қаржының жартысынан көбі, яғни 51 пайызы банк есепшоттарына қолма-қол ақша түрінде енгізілген. Ал банк есепшоттарына қолма қол ақшасыз аудару 49 пайызды құрайды», - деді Д.Ақышев.

Дереккөз: Іnform.kz

14 маусым 2016, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.