Атырау, 11 қазан 13:31
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ақтөбедегі терактіге 45 адам дайындалған - ІІМ басшысы

2 797 просмотра

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбедегі терактіге 45 адамның дайындалғанын мәлімделі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олардың саны 45 болды, бұл анықталды. Бірақ олар жиһад жариялап, пәтерлерінен шыққанда 19 болған. Біз қазір барлығын анықтадық, жауап алып жатырмыз. Келісім берген 29 адам барды. Үш адам жарты жолдан қайтқан. Қару-жарақ дүкеніне жақындаған кезінде камерадан біз 25 адамды көрдік. Тағы біреуі қарсы шығып, кетіп қалды", - деп мәлімдеді Қасымов.

Лаңкестер тобы Ақтөбеде 5 маусымда екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада террорлық қауіптің "қызыл" деңгейі енгізілді. Олардың шабуылынан жалпы 7 адам қаза тапты. 18 лаңкестің көзі жойылды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

14 маусым 2016, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.