Атырау, 28 сәуір 18:52
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Оқушылар тестілеуден 140 қате тапқан

1 718 просмотра

Мыңдаған түлектің машақаты аяқталды. Биыл 8 күнге созылған ұлттық тестілеуге еліміз бойынша 87 мыңға жуық түлек қатысқан. Тек солардың 19-ы ең жоғары 125 бал жинап, ұстаздарының үмітін ақтады,- деп хабарлады Baq.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Бір сұрақтан да сүрінбегендер енді мемлекеттік грантқа таласады. Керісінше 14 мыңнан астам мектеп бітіруші ең төменгі 50 баллды да жинай алмаған. Бірақ, сынақтан сүрінгендер екінші рет бақ сынай алады. Яғни, тамызда 2 мың теңге төлеп қайта тест тапсыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, емтиханға ұялы телефон, шпаргалка сынды тыйым салынған заттар алып кіргені үшін 38 түлек аудиториядан қуылған. Олардың жазған жауабы да бірден жойылды. Бұл жолы тест сұрақтарына қатысты да түсінбеушіліктер жиі кездескен. Себебі, оқушылар тестілеуден 140 қате тауыпты. Бүгін Білім министрлігі 2-сі мен 10-ы аралығында өткен Ұлттық біріңғай тестті осылай қорытындылады.

Дереккөз: Вaq.kz


14 маусым 2016, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.