Атырау, 28 сәуір 16:10
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қазақстан Олимпиаданың 98 жолдамасын жеңіп алды

1 862 просмотра

Бүгін, 13 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығына 98 жолдаманы жеңіп алды,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Сонымен, жеңіл атлетикадан еліміздің еншісінде 20 жолдама, байдарка мен каноэде есуден - 11, бокс (ерлер) - 10, ауыр атлетика - 10, еркін күрес - 5, әйелдер күресі - 4, оқпен ату - 4, теннис - 3, грек-рим күресі - 3, таеквондо - 3, дзюдо (ерлер) - 3, дзюдо (әйедер) - 2, әйелдер боксы - 2, велошоссе - 2, садақ атудан - 2 жолдама бар.

Мұнымен қоса, Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден - 2, мәнерлеп жүзуден - 1, жүзу - 2, қазіргі бессайыс - 1, стендтік ату - 1, велотрек - 1, семсерлесу - 1, үстел теннисі - 1, көркем гимнастика - 1, еспе слалом - 1, батутта секіру - 1, сондай-ақ ашық суда жүзуден 1 жолдаманы жеңіп алды.

Жалпы, 27 спорт түрінен еліміздің спортшылары Олимпиаданың 98 жолдамасына ие болды.

Дереккөз: Іnform.kz

13 маусым 2016, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.