Атырау, 28 сәуір 12:19
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Мұхан Исахан: Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау орынсыз

1 870 просмотра

Фото: ҚМБДБұл туралы ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы Мұхан Исахан Ғұламалар кеңесінің кезектен тыс отырысында атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбедегі жағдай барлығымыздың жанымызға батып отыр. Бүлікшілердің әрекетіне имамдарды кінәлау орынсыз. Қай тұрғыдан алып қарасақ та имамдар қорғансыз. Бұл бағыттағы жұмысқа Діни басқармамен қоса, ең бірінші, құқық қорғау органдары да жауапты. Дін қызметкерлі жат ағыммен ағартушылық бағытта үздіксіз жұмыс жасап келеді», – деп атап өтті Мұхан Исахан.

Басқосу барысында ғұламалар Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиғаға байланысты ҮНДЕУ қабылдап, елдегі діни ахуалдың жайы, дін мамандарының діни тұрақтылықты қамтамасыз ету жолы және қоғамның діни сауаттылығын көтеру жайы талқыланды.

Дереккөз: Baq.kz

13 маусым 2016, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.