Атырау, 2 маусым 08:59
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Тоқаев америкалық гей-глубтағы қырғынды ислам радикализмімен байланыстырды

1 479 рет қаралды

Фото: Аzattyq.orgПарламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық гей-клубта болған қырғынды ислам радикализмімен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Орландодағы қырғын - Ислам радикализмінің тағы бір көрінісі", - деп жазды Тоқаев.

Сенат спикері ағылшын тіліндегі жазбасында оқиғаның ислам радикалдарының "signature dish"-і деп атады.

Еске салайық, Орландодағы Pulse гей-клубында белгісіз біреу атыс шығарып, салдарынан 50 адам қаза тапты және 53 адам жарақат алды. Гей-клубтағы оқиға АҚШ тарихында бұрын-соңды болмаған ірі қырғын саналып отыр.

Дереккөз: Тengrinews.kz

13 маусым 2016, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.