Атырау, 29 қараша 11:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ақтөбе тұрғыны өлтірілген лаңкестердің тізімінен өзін тауып алды: Мен тірімін

1 825 просмотра

Ақтөбе тұрғыны Данияр Уайсов Instagram желісіндегі парақшасында видеоүндеу жасады. Видеода ер адам БАҚ-тар мен интернет-басылымдардан "жалған мәлімет таратқаны үшін" кешірім сұрауын талап етеді,- деп хабарлады Тengrinews.kz

"Саламатсыздар ма, қазақстандықтар! Мен - Уайсов Данияр Рамазанұлымын, Ақтөбе қаласының тұрғынымын. Бүгін, 2016 жылдың 12 маусымында барлық БАҚ-тар мен интернет-сайттарында мені өлтірді деп хабарлама берген болатын. Бірақ өздеріңіз көріп отырғандай, егер мен видео түсіріп отырған болсам, менің нағыз тірі екенімді көріп отырсыздар. Сол себепті құқық қорғау органдарының баспасөзінен және интернет-сайттарынан жалған хабарлама таратқаны үшін менен кешірім сұрауын және тірім екенімді көрсетуін талап етемін", - деп мәлімдеді жігіт.

Дереккөз: Тengrinews.kz

13 маусым 2016, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.