Атырау, 27 сәуір 18:37
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ақтөбеде соңғы лаңкес ұсталды

2 551 просмотра

Image 0
Ақтөбеде соңғы лаңкес Арсен Таңатаров (суретте сол жақта) ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Ақтөбе облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы жүргізіп жатқан шаралардың барысында қалған қылмыскерлердің Жаманқұлов - Пушкин көшелерінің қиылысында екендігі жайлы мәлімет келіп түсті. Тексеріс барысында бұл мәлімет расталды. Шаралар жүргізіліп, Б.Қуанышбаев, А.Таңатаров және А.Ақпанбетов ұсталды. Ақпанбетов қашуға әрекеттенген кезінде аяғына оқ тиді. №15 тұрғын үйді тексеріс барысында лаңкестерден 5 маусымда "Паллада" қару-жарақ дүкенінен тоналған 2 дана қару табылды", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері.

Осыған дейін Қазақстан Республикасының антитеррор орталығы терроризммен күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық жедел штабтың іздеуде жүрген лаңкестер Б.Қуанышбаевты және А.Ақпанбетовты ұстағанын хабарлаған болатын. Куәгерлердің айтуынша, арнайы операция "Москва" ауданында өткен.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 маусым 2016, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.