Атырау, 11 қазан 11:21
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ақтөбе облысындағы ауылға кіріп жатқан барлық көлік тексерілу үстінде

2 032 просмотра

Image 0

Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылынан шығатын және ауылға кіретін барлық көлікті құқық қорғау органдары тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, елді мекеннен шығаберісте патрульдік бекет бар, бекеттегілер барлық көлікті тексеру үстінде екен. Осыған байланысты бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Тұрғындар 1,5 сағат бойы қалаға кіре алмай тұр. Ал қаладан шығаберісте шамамен 30 көлік тұр.

Ақтөбе облысында үш лаңкесті іздеу бойынша арнайы операциялар жүріп жатыр. 2016 жылдың 5 және 6 маусым күндері аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Таңатаров Арсен, Қуанышбаев Бақыт және Ақпанбаетов Әлібек іздеуде жүр.

Ақтөбе облысының ІІД мына телефондарына хабарласу керек 8 (7132) 93-61-00, 93-61-18, 51-38-37 немесе 102. Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.
Дереккөз: tengrinews.kz


12 маусым 2016, 04:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.