Атырау, 22 желтоқсан 19:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Грузия Қазақстанға 27,7 млн доллар қарызын қайтарады

2 474 рет қаралды

Image 0Грузия үкіметі Қазақстанға 27,7 млн доллар қарызын қайтарады. Бұл туралы Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комисиясының VIII отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген Грузия вице-премьері, экономика және орнықты даму министрі Димитрий Кумсишвили мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Біз бүгін Грузияның Қазақстанға қарызын өтеу тетіктері туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Ұзақ уақыт бойы бұл мәселе шешімін таппаған еді, біз берешекті өтеу тетігін ұсындық. Қазақстандық тарап та мұны құптады. Енді қазір осыған байланысты мемлекетішілік процедураларды жүргізу қажет. Бұл пайыздық мөлшерлеме мен төлем бойынша келісілген тетік», - деді вице-премьер.

Айта кетсек, Грузияның Қазақстан үкіметі алдындағы қарызы 27 774 000 АҚШ долларын құрайды. 1996 жылғы келісімге сәйкес кредит Грузия үкіметіне 10 жылға беріледі. 2004 жылдың шілдесінен бері сыйақы бойынша төлем уақытша тоқтатылған, ал негізгі борыш мүлде өтелмеген.

Дереккөз: bnews.kz

10 маусым 2016, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.