Атырау, 11 қазан 11:25
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Лаңкестер қарулы қарсылық көрсетті - ҰҚК

1 705 просмотра

Image 0

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) жұма күні, 10 маусымда ресми сайтында Ақтөбеде лаңкестерді ұстау бойынша арнайы операцияның жалғасып жатқанын хабарлады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қылмыскерлер "қарулы қарсылық" көрсеткен.

"ҚР Антитеррористік орталығы биыл 10 маусымда Ақтөбе облысында терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб Ақтөбедегі террорлық актілерге қатысы бар азаматтарды ұстау бойынша операция жүргізіп жатыр. Лаңкестер берілу туралы ұсынысқа қарулы қарсылық көрсетті. Шара жалғасып жатыр, оның нәтижесі қосымша хабарланады. Күштік фаза өткізу кезінде халықтың қауіпсіздігі сақталды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 маусым 2016, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.