Атырау, 11 қазан 11:20
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Мамытбеков Астана банкінің тәуелсіз директоры болды

2 776 просмотра

Image 0Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбеков "Астана банкі" АҚ директорлар кеңеснің құрамына кірді, деп хабарлады несие ұйымы.

Ауыл шаруашылығы министрі болған Асылжан Мамытбеков "Астана банкі" АҚ директорлар кеңеснің құрамына кірді, деп хабарлады несие ұйымы.

Астана Банкінің акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының 6 маусымдағы шешімі бойынша, директорлар кеңесінің мүшесі Махамбет Хасеновтың қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Акционерлер директорлар кеңесінің мүшесі қызметіне тәуелсіз директор ретінде ҚР ауыл шаруашылығының экс-министрі Асылжан Мамытбековті тағайындау туралы шешім шығарды.

Белгілі болғандай, Асылжан Мамытбеков мамыр айында отставкаға кеткен болатын. 2011 жылдан бері ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды. 2008-2011 жылдары "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінде болды. 2007-2008 жылдары Қазақстан премьер-министрінің канцеляриясы басшысының орынбасары болды. Сонымен қатар, ол Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

9 маусым 2016, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.