Атырау, 11 қазан 11:20
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қазақстанда Ақтөбедегі лаңкестік құрбандарын аза тұтады

2 024 просмотра

Image 0Бұл күні барша халқымыз 5 мамырда қанды оқиға салдарынан қаза болған боздақтарды қайғыра еске алатын болады, еліміз ойын-сауық шараларынан бас тартып, Қазақстан халқының бірлігі мен болашағы туралы терең-терең ойлар айтылады.

Қазақстанда бейсенбіде, 9 маусымда Ақтөбеде болған лаңкестік оқиғасының құрбандарын еске алу мақсатында Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Ақорданың сайтында сәрсенбі күні Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Қазақстан Республикасы президентінің өкімі жарияланды.

Жексенбіде, 5 маусымда белгісіз қаруланған адамдар тобы Ақтөбедегі екі қару дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған. Соңғы деректер бойынша, шабуыл салдарынан жеті адам қаза тапты. Қалада терроризмге қарсы күрес операциясы режимі енгізілді.Ақтөбеде бірнеше нысанға шабуыл жасағандардан 13 адам өлтірілді. Алты қылмыскер іздестірілуде.

Бұл күні барша халқымыз 5 мамырда қанды оқиға салдарынан қаза болған боздақтарды қайғыра еске алатын болады, еліміз ойын-сауық шараларынан бас тартып, Қазақстан халқының бірлігі мен болашағы туралы терең-терең ойлар айтылады.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

9 маусым 2016, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.