Атырау, 11 қазан 11:16
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қаза болған 4 ақтөбеліктің отбасы 5 миллион теңгеден алады

2 760 просмотра

Image 0Өткен жексенбіде болған қайғылы оқиғаға байланысты 9 маусым Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Ақтөбе облысының басшылығы теоорорлық акті нәтижесінде көз жұмғандардың отбасыларына берілетін материалдық көмектің көлемін арттыру туралы шешім қабылдады.Оларға 5 миллион теңгеден берілетін болады деп хабарлайды "Ақтөбе-ақпарат" орталығы.

Белгісіз топтан құралған топ маусымның 5-і күні екі қару-жарақ дүкені мен әскери дүкенге қарулы шабуыл жасаған болатын. ІІМ мәліметінше шабуылдаушылардыі басым бөлігі ұсталған, алты адам іздеуде жүр.Теракт нәтижесінде 7 әскери және азаматтық тұлға қайтыс болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза болғандар мен зардап шеккендерге облыс әкімдігі тарапынан барлық қажетті көмектер көрсетілуде.Қаза тапқан ақтөбеліктердің ішінде "Паллада" қару-жарақ дүкенінің 44 жастағы сатушысы Андрей Максименко, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко, 35 жастағы Михаил Матросов бар. Олар қылмыскерлердің қолынан кездейсоқ қаза болды. 33 жастағы "Күзет" қызметкері Мерхан Тәжібаев қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болды.

Өткен жексенбіде болған қайғылы оқиғаға байланысты 9 маусым Қазақстанда ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.Республика көлемінде тулар төмен түсірілді. Мәдени-көпшілік және спорттық шаралар кейінге шегерілді. Теле-радиолардан берілетін ойын—сауық бағдарламалары тоқтатылды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

9 маусым 2016, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.