Фото: Total.kzҰҚК өкілдері Ақтөбедегі балалар лагеріне оқ ату туралы мәліметті түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК мәліметінше, 8 маусымда таңғы уақытта ҰҚК мен ІІМ қызметіне Ақтөбеде балалар лагерінде атыстың болғаны жайлы хабар келіп түскен. Тегіс оқпанды қарудан күзет қызметіне және маңында тұрған полицияның патрульдік полициясына оқ атылды делінген.
Бұл мәлімет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына дереу жеткізілген. Сәйкесінше, ҰҚК бөлімшелеріне сәйкес тапсырма берілген.
"ҰҚК төрағасы генарал-лейтенант Жұмақановтың Мемлекет басшысына баяндамада жасалып жатқан кезінде бұл ақпарат өзекті болған және тексеріс деңгейінде болған, сондықтан осы туралы арнайы қызметтің басшысы Президент Назарбаевқа баяндаған", - деп атап өтті Комитеттегілер.
ІІМ органдары жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында балалар лагеріне оқ ату дерегі расталмаған.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов Ақтөбедегі жағдайды баяндаған еді. "13 адамның көзі жойылды, 14-і жарақат алған, дайындық кезеңінде 20 адам болған, олардың барлығы анықталып, олардан жауап алынды. Қазіргі уақытта алты адам іздеуде. Олар екі топпен жүр және біреуі олардан бөлек. Олардың Ақтөбеде жүргені белгілі. Бүгін таңда, Ақтөбе уақыты бойынша 8.06-да ақ түсті Lada автокөлігінен пионер лагерінің күзетіне тегіс ұңғылы қарудан оқ атылды", - деген еді ол.
Алайда ҚР ІІМ өкілдері пионер лагеріне оқ атылғаны жайлы мәліметтірастамаған болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz