Атырау, 17 мамыр 14:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қаза болған ақтөбеліктердің отбасыларына 1 миллион теңгеден бөлінетін болды

1 324 просмотра

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі террорлық актінің салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақтөбеге келген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс әкімі қаза тапқан марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Солардың бірі - «Паллада» қару-жарақ дүкенінің 44 жастағы сатушысы Андрей Максименко жұмыс орнында қаза тапты.

Сол бір қарғыс атқан сағатта дүкен жанында болған 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко, 33 жастағы Мерхан Тәжібаев, 35 жастағы Михаил Матросов та қылмыскерлердің кездейсоқ құрбандарына айналды. Олардың туған-туыстарымен сөйлескен облыс басшысы жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.

«Ел Президенті қылмыскерлердің барлығын ұстап, Заң алдында қатаң түрде жазалауды тапсырды. Біз өз тарапымыздан барлық қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті облыс әкімі.

«Бұл қайғы бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Тұтас Қазақстан қайғыларыңызға ортақ. Әрине, бұл орны толмайтын қасірет», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Қаза болған ақтөбеліктердің отбасыларына 1 миллион теңгеден бөлінетін болды. Сондай-ақ жергілікті билік оларды жерлеу шығындарын өз мойындарына алады, деп хабарлады «Ақтөбе Ақпарат».

Естеріңізге сала кетейік, 5 маусымда қылмыскерлер Ақтөбеде «Паллада» және «Пантера» қару-жарақ дүкеніне қарулы шабуыл жасап, содан соң ҚР Ұлттық гвардиясының әскери бөліміне басып кірмекші болған. «MAN» маршруттық автобусын басып алған олар, жолаушылар мен жүргізушіні түсіріп, тексеру-өткізу пунктінің қақпасын автобуспен соғып құлатып, қару-жараққа қарай беттеген. Алайда олар қару-жараққа қол жеткізе алмады. Қарауыл күзетшісі қару қолданып, олардың бөлімнің аумағына әрі қарай енуіне жол бермеді.

Барлығы Ақтөбедегі теракт салдарынан төрт лаңкес, төрт әскери қызметші, үш бейбіт тұрғын қаза болды. Түнде жүргізілген жедел-іздестіру шарасы кезінде ұстау және полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету кезінде тағы 5 қылмыскердің көзі жойылып, 2-уі ұсталды.

Бүгінгі күні қарулы қарсылық кезінде шабуылшылардың қатарындағы 13 қылмыскер өлтірілді, төртеуі жараланып, жетеуі іздестірілуде.

Дереккөз: bnews.kz


8 маусым 2016, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.