Атырау, 17 мамыр 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

ҚР ІІМ: Пионер лагеріне оқ атылғаны жайлы мәлімет расталмады

1 418 просмотра

ҚР ІІМ өкілдері пионер лагеріне оқ атылғаны жайлы мәліметті растамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе облысында жазғы лагерьге тегіс оқпанды қарудан оқ атылды делінген мәлімет тексерілді, мәлімет расталмады", - деп мәлімдеді Алмас Сәдубаев.

"Қылмыскерлерді ұстау кезінде төрт адамның жарақат алғаны жайлы мәлімет өзгеріссіз. Жеке құрам күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр, Ақтөбеде және республикада жағдай тұрақты, барлығы бақылауда", - деді ол.

Осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов Ақтөбедегі жағдайды баяндағанеді. "13 адамның көзі жойылды, 14-і жарақат алған, дайындық кезеңінде 20 адам болған, олардың барлығы анықталып, олардан жауап алынды. Қазіргі уақытта алты адам іздеуде. Олар екі топпен жүр және біреуі олардан бөлек. Олардың Ақтөбеде жүргені белгілі. Бүгін таңда, Ақтөбе уақыты бойынша 8.06-да ақ түсті Lada автокөлігінен пионер лагерінің күзетіне тегіс ұңғылы қарудан оқ атылды", - деген еді ол.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 маусым 2016, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.