Атырау, 17 мамыр 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Назарбаев іздеуде жүрген экстремистерді қарсылық көрсеткен жағдайда көзін жоюды тапсырды

2 295 просмотра

Image 0Қазақстан Президенті Ақтөбе облысында террорлық әрекеттерге қатысы бар адамдарды тауып, ұстау бойынша тиімді жұмыс жүргізудің қажеттілігін атап өтті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев іздеуде жүрген экстремистердің қарсылық көрсеткен жағдайда көзін жоюды тапсырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан президенті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады.

"Кездесу барысында Владимир Жұмақанов Мемлекет басшысына Ақтөбе облысындағы антитеррорлық операцияның барысы жайында баяндады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қазіргі уақытта 13 адамның көзі жойылғанын, 14 адамның жарақат алғанын хабарлады. Сонымен қатар, қылмысқа дайындалу деңгейінде 20 адамның бас тартқаны және олардың аты-жөндері анықталып, олардан жауап алынғаны айтылды. Қазіргі уақытта 6 адам іздеуде жүр, олар Ақтөбе облысында делінеді",-делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысында террорлық әрекеттерге қатысы бар адамдарды тауып, ұстау бойынша тиімді жұмыс жүргізудің қажеттілігін атап өтті.

"Біз олардың өңірде екенін білеміз, олардың аты-жөндері анықталды, халыққа ескерту жасалды. Барлығын бірде-бірін қалдырмай ұстау қажет. Қарулы қарсылық көрсетсе көзі жойылсын. Барлығы ең қатал жаза алсын", — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жексенбіде белгісіз қаруланған адамдар тобы Ақтөбедегі екі қару дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған. Соңғы деректер бойынша, шабуыл салдарынан жеті адам қаза тапты. Қалада терроризмге қарсы күрес операциясы режимі енгізілді.Ақтөбеде бірнеше нысанға шабуыл жасағандардан 13 адам өлтірілді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

8 маусым 2016, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.