Атырау, 17 мамыр 14:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​ҰҚК төрағасы Назарбаевқа: Бүгін таңда Ақтөбедегі пионер лагерінің күзетшілеріне оқ атылды

1 882 просмотра

Image 0Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақанов Ақтөбедегі жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"13 адамның көзі жойылды, 14-і жарақат алған, дайындық кезеңінде 20 адам болған, олардың барлығы анықталып, олардан жауап алынды. Қазіргі уақытта алты адам іздеуде. Олар екі топпен жүр және біреуі олардан бөлек. Олардың Ақтөбеде жүргені белгілі", - деді Жұмақанов.

"Бүгін таңда, Ақтөбе уақыты бойынша 8.06-да ақ түсті Lada автокөлігінен пионер лагерінің күзетіне тегіс ұңғылы қарудан оқ атылды", - деді ол.

Биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Дереккөз: tengrinews.kz


8 маусым 2016, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.