Атырау, 17 мамыр 14:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

НВО телеарнасы Майқұдықта Геннадий Головкин туралы туралы ролик түсіруді бастады

1 530 просмотра

Image 0Американдық танымал НВО телеарнасының түсіру тобы Қарағандының Майқұдық ауданына келді.

Түсіру жұмыстары ағайынды Геннадий мен Максим Головкиндер алғашқы болған бокс залында өтті.

«Геннадий Головкин НВО түсіру тобымен өзінің Майқұдықтағы алғашқы бокс залында. Түсірілімнің жай-жапсары - жақында болады», - делінген Головкиннің ВКонтакте әлеуметтік желісінің ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Қазіргі кезде Геннадий Головкин орта салмақта IBF/IBO/WBA/WBC әлем чемпионы. Мексикандық Сауль Канело Альварес WBC атағынан бас тартқаннан кейін, бұл атақ Головкинге көшті, қазақстандық спортшы қазіргі кезде кәсіби бокстегі ең атақты спортшы атанды. Оған енді WBO атағын алу ғана қалды, бұл атаққа қазір ешқашан жеңілмеген британдық Билли Джо Сондерс ие болып отыр. Егер оны да жеңіп кетсе, Головкин 2006 жылдан бергі орта салмақтағы абсолютті чемпион болмақ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

8 маусым 2016, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.