Атырау, 17 мамыр 16:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Ақтөбеде қаза болғандардың отбасыларына Назарбаевтың атынан көңіл айтты

2 256 просмотра

Image 0Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бердібек Сапарбаев лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың отбасыларында барды.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың отбасыларына ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан көңіл айтты деп хабарлайды партияның баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бердібек Сапарбаев лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың отбасыларында барды.

"Атап айтқанда, олар 2016 жылғы 5 маусымда қаза тапқан Николай Александрович Онищенко мен Михаил Витальевич Матросовтың үйінде болды.Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Бердібек Сапарбаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына Елбасының атынан көңіл айтып, барша Қазақстан халқының олардың қайғыларына ортақ екендігін жеткізді",-делінген хабарламада.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары мен облыс әкімі Ақтөбе қаласында болған жантүршігерлік лаңкестік оқиғаға қатысы бар қылмыскерлер заңмен қатал жазаланатынын, қаза тапқандардың отбасыларына қолдау мен көмек көрсетілетінін айтты.

"Президент ешкімді мемлекет назарынан тыс қалдырмауды атап тапсырды", — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

7 маусым 2016, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.