Атырау, 11 қазан 09:29
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

ІІМ: Ақтөбеде көзі жойылған экстремистер саны 13-ке дейін жетті

2 379 просмотра

Image 0Қалған қылмыскерлердің мекен-жайын анықтау және оларды ұстау бойынша барлық шаралар қабылдануда.

Сейсенбіде таңертеңгі жағдай бойынша Ақтөбеде бірнеше нысанға шабуыл жасағандардан 13 адам өлтірілді, төртеуі жарақаттанды, тағы жетеуі іздестірілуде деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Садубаев.

Жексенбіде белгісіз қаруланған адамдар тобы Ақтөбедегі екі қару дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған. Шабуыл салдарынан алты адам қаза тапты, оннан астамы жараланды. Қалада терроризмге қарсы күрес операциясы режимі енгізілді.

"Бүгінгі таңда белсенді қарулы қарсылық көрсету кезінде шабуыл жасағандардан 13 адам өлтірілді, төртеуі жарақаттанды, тағы жетеуі іздестірілуде", — деді агенттікке хабарлаушы.

Оның айтуынша, қалған қылмыскерлердің мекен-жайын анықтау және оларды ұстау бойынша барлық шаралар қабылдануда.

"Елдің ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібінде жұмысын жалғастыруда.Қалада және жалпы республикада жағдай тұрақты және бақылауға алынған", — деп қорытындылады ІІМ өкілі.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

7 маусым 2016, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.