Атырау, 28 сәуір 06:56
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

ІІМ: Ақтөбеде оқиға орнынан ізін суытқан 6-7 күдікті іздестірілуде

2 358 просмотра

Image 0Полиция қызметкерлері Ақтөбедегі қанды оқиғада ізін суытып үлгерген 6-7 адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы бүгін Қалмұханбет Қасымов хабарлаған. Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары сайты жазды.

« Біздің қызметкерлер тура қазір 6-7 адамды іздеп жатыр. Олар өздерімен біге бес қаруды алып кеткен,-деді ҚР ІІМ басшысы Қасымов.

Есте болса өткен демалыста Ақтөбеде белгісіз азаматтардан құралған топ қару сататын екі дүкенге, Ақтөбедегі әскери бөлімшеге шабуыл жасаған еді.

Бұған дейін, мұндай қылмысқа барған азаматтар дәстүрлі емес радикалдық дін өкілдері екені айтылған еді. Оқиға салдарынан 17 адам қайтыс болып, тоғыз адам қазір ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Тура қазір Ақтөбе облысында контртеррорлық операция режимі орнатылған. ІІМ қаладағы жағдай тұрақтанып, арнайы бақылауда екенін хабарлаған.

Дереккөз: stan.kz

6 маусым 2016, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.