Атырау, 28 сәуір 23:14
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қарағанды облысының экс-әкімі Б.Әбдішев бостандыққа шықты

2 212 просмотра

Image 0Фото: 365info.kzБүгін Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату бойынша 159/1 АКтүзеу мекемесінен бостандыққа шықты, деп деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгін сот қаулысымен Бауыржан Әбдішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Ол шаруашылық қызмет көрсету отрядының штабында жазасын өтеген. Тәртібі жақсы болды. Бүгін таңертең экс-әкім мекемемізден шықты, оны қорғаушылары қарсы алды», - деп мәлім етті 159/1 АК мекемесі арнайы контингент арасындағы тәрбие бөлімінің жетекшісі Гүлбану Ермекова.

Оның айтуынша, абақты мамандары жазасын өтеу орны бойынша хабарламаны пробациялық бақылау кезеңінде Б.Әбдішевті қадағалайтын жергілікті полицияға жолдаған.

«О баста, Әбдішев шартты түрде мерзімінен босатуға материал бергенде, бостандыққа шыққан жағдайда отбасымен бірге Астанада тұруды көздеп отырғанын айтқан еді. Елордада жұмыс істейтін ойы болған. Сондықтан біз хабарламаны Астананың Алматы аудандық жергілікті полициясына жолдадық», - деді Гүлбану Ермекова.

Еркіндікке шыққан Б.Әбдішев сұхбат берген жоқ және фотоға түсіруге де тыйым салды.

Естеріңізге салып өтсек, биыл 19 мамырда Қазыбек би аудандық сотының судьясы Бауыржан Әбдішевті шартты түрде мерзімінен босату туралы шешімді жария еткен еді. Жаза мерзімінің жартысынан астамын өтегені және өзін түрмеде жақсы қырынан көрсеткені үшін экс-әкімді абақтыдан ерте босату туралы шешім қабылданған.

Былтыр желтоқсан айында қылмыстық істер жөніндегі сот Қарағанды облысының бұрынғы басшысын сыбайлас жемқорлыққа барғаны үшін айыпты деп таныған еді. Сол уақытта сот үкімімен ол мүлкі тәркіленіп, 5 жыл бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы үкімді жеңілдетті. Бауыржан Әбдішев мүлкі тәркіленуімен және 5 жыл бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жылға қамалды.

Дереккөз: bnews.kz

6 маусым 2016, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.