Атырау, 27 сәуір 19:31
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Дүйсенбіге қараған түні Ақтөбеде тағы бес экстремистің көзі жойылды

2 057 просмотра

Image 0Дүйсенбіге қараған түні Ақтөбе облысында лаңкестікке қарсы операция кезінде тағы бес экстремистің көзі жойылды,2-еуі ұсталды деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.

"Түн ішінде жүргізілген жедел іздеу шарасы кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен тағы 5 қылмыскер оққа ұшып, 2-еуі ұсталды", —делінген хабарламада.

Қылмыскерлерден ұрланған қару-жарақтың басым бөлігі алынды.

"Бұл қылмысқа қатысы бар барлық қылмыскерлердің аты-жөндері анықталып, оларды ұстау шаралары қабылдануда",-делінген хабарламада.

Жексенбіде Ақтөбеде суық қаруланып алған бірнеше адам "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасады. Қаскөйлер дүкен сатушысын өлтіріп, тағы бір адамды жарақаттаған. Бүкіл елді шулатқан оқиғаны еліміздің Ішкі істер министрлігі ресми түрде растады. Ведомствоның Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директоры Алмас Садубаевтың айтуынша, белгісіз біреулер тағы бірнеше қару-жарақ дүкені мен Ұлттық ұланның әскери бөлімшесіне шабуыл ұйымдастырған. Ол жерде де кісі өлімі бар. Ресми дерек бойынша, онда бір офицер мен келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген әскери азамат көз жұмды. Ведомствоның хабарлауынша, тыныш күнде оқ ашқан қаскөйлердің үшеуі өлтіріліп, біреуі жарақат алды.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

6 маусым 2016, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.