Атырау, 28 сәуір 12:52
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ақтөбеде шабуыл жасағандар, болжам бойынша, дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушысы - ҚР ІІМ

2 856 просмотра

Полиция Ақтөбеде шабуыл жасап, атыс кезінде жасырынғандарды табу бойынша шаралар жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, шабуыл жасағандар дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушысы. Ақтөбеде антитеррорлық операция режимі жарияланды", - деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

ІІМ мәліметінше, шабуыл жасағандардың бірі ұсталды, үшеуінің көзі жойылды, біреуі жарақат алды. "Қазіргі уақытта бірнеше қылмыскер блокқа түсірілді, бірнешеуі жасырынып үлгерді", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

"Ақтөбе облыстық ІІД-не белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түсті. Тағы бір қару-жарақ дүкені мен Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. "Шабуыл кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы өлтірілген және бір адам жарақат алды. Әскери бөлімге жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер және келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды", - деп хабарлады Сәдубаев.

Дереккөз: Тengrinews.kz

5 маусым 2016, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.