Атырау, 29 қараша 11:53
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болып жатыр

Сурет Бейнежазба
3 658 просмотра



Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша және куәгерлердің айтуынша, мән-жайы әзірше белгісіз арнайы операция үш ауданда өтіп жатыр - бесінші ықшамаудан, Филармония және "Паллада" қару-жарақ дүкені.

Tengrinews.kz тілшісінің мәліметінше, бұл аудандарды полиция қоршауға алған. Оқиға орнында жедел жәрдемнің бірнеше бригадасы бар. Бейресми мәліметтер бойынша, белгісіздер "Пантера" деп аталатын қару-жарақ дүкенін тонап кеткен.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның суреттері мен видеолары жария болып жатыр. Куәгерлер құқық қорғау органдарынан үйден шықпау туралы ескерту түскенін хабарлады. Ал сауда орталықтарындағы адамдар эвакуацияланып жатыр. ІІД мен ІІМ бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмей отыр.

Сонымен қатар, автобусты басып алу сәті бейнеленді делінген видео пайда болды. Видеодан автобустан жолаушылардың қашып шығып, кейін көліктің жүріп кеткенін көруге болады.

Ал "Мега" сауда орталығының баспасөз қызметіндегілер орталықтың техникалық себептерге байланысты жабылуы мүмкін екенін айтып отыр, алайда бұл қаладағы атыстарға байланысты емес көрінеді.

ҚР Бас прокуратурасының өкілдері осы оқиғаға байланысты түсініктің дайындалып жатқанын хабарлады.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 маусым 2016, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.