Атырау, 5 мамыр 02:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Б.Сағынтаев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Көкшетаудағы отырысын қорытындылады

2 202 просмотра

Фото: kapital.kzЖер реформасы жөнiндегi комиссияның төрағасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев комиссияның Көкшетаудағы алғашқы көшпелі отырысын қорытындылады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Барлығыңыз ой-пікірлеріңізді ашық білдірдіңіздер. Елбасымыз да «егер жерге шынымен жаның ашитын болса, ойыңды ашық айт» деген болатын. Міне, бүгін өздеріңіздің орталарыңызға келіп, барлық сұрақтар бойынша ойларыңызды тыңдадық. Аудандарды да қостық, 4 сағат бойы бізді тыңдап отыр. Жерге қатысты мәселе жерді шетелдіктерге жалға берумен бітпейді. Өздеріңіз көтеріп отырған әлеуметтік мәселелер, ауыл шаруашылығын дамыту, кредиттеу – толып жатқан мәселе бар. Өз ойларыңызды ашық айтқандарыңызға алғысымды айтамын», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бірінші вице-премьердің пайымынша, жерді сату туралы әңгіме болған кезде сан түрлі ой тууы заңды.

«Бәріміз Қытайдан қорқып жатырмыз. Өзімізде де кемшіліктер бар. Мысалы, заңда шекарадан 3 шақырым жердегі аумаққа ғана тыйым салынған, қалғаны ашық. Үш секірсең, үш шақырым емес пе? Ал басқа мемлекеттерде 100 шақырымнан басталады екен. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі», - деп атап өтті комиссия төрағасы.

Б.Сағынтаев ауыл халқын толғандырып отырған жайылым жерге қатысты мәселе де назардан тыс қалмайтынын баса айтты.

«Өздеріңіз айтқандай, ауыл халқын жайылым жер алаңдатады. Әрине, кім болса да, ауылда тұрған соң, малын жайғысы келеді. Өріске шығару керек. Егер оның бәрі сатылып кетсе, халық малын қайда жаяды? Сондықтан бұл мәселені де мұқият қарайтын боламыз. Жалпы, жердің төңірегінде толып жатқан мәселе бар», - деп түйіндеді ол.

Дереккөз: ВNews.kz



3 маусым 2016, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.