Атырау, 29 қараша 09:49
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы: 3 оқушы 125 балл алды

2 357 просмотра

Фото: "АЖ" мұрағатынанҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҰБТ 44 пунктте өткізілді. Оған өтінім берген 18 599 түлектің 17 934-і қатысты. (13 026 - қазақ тілі, 4 908 - орыс тілі). Сонымен қатар, төрт түлектің бірнеше мәрте ереже бұзғанына байланысты тестілеуден шығып қалғаны және тестілеу қорытындыларының жойылғаны айтылады.

Мұнымен қатар, сынақтан өтушілерден тыйым салынған 8 522 зат алынған. Айта кетейік, 2015 жылы 7 712 зат алынған болатын. Ал орташа балл - 83,7 (өткен жылы 79,7 балл). Министрліктегілердің айтуынша, көрсеткіштің жақсаруы ҰБТ-ға жақсы дайындықтың нәтижесі екен.

Ал 50 балл шектік межесіне 2 277 түлек жете алмаған (12,6 пайыз). Ал 125 баллды Алматы қаласының үш түлегі алыпты. Олар - Ыбырай Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясының екі түлегі және №12 мектеп-гимназиясының бір түлегі екен. Ал 100 баллдан жоғары алғандардың саны - 3834.

Айта кетейік, осыған дейін КТК телеарнасы Алматыда 5 түлектің ең жоғары балл алғанын хабарлаған болатын.

Дереккөз: Тengrinews.kz

3 маусым 2016, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.