Атырау, 29 қараша 09:34
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

СІМ: Қазақстан демократияны, адам құқығын және заң үстемдігін күшейту мәселесінде Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

1 803 просмотра

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Герман Федеративтік Республикасы Бундестагының депутаты, ГФР делегациясының басшысы және Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясындағы Еуропалық халық партиясы тобының төрағасы Аксель Фишермен кездесті,- деп хабарлады ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесуде сыртқы саясат ведомствосының басшысы Германия Қазақстанның Еуропалық Одақтағы жетекші серіктестерінің бірі болып табылатындығын атап өтті. «Біздің елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, федералдық және өңірлік деңгейлердегі экономикалық өзара әрекеттестіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеудің арқасында тұрақты түрде нығаюда», - деп атап өтті Е. Ыдырысов. Ол сондай-ақ Еуропа Одағымен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың бірі болып табылатындығын айтты.

Өз кезегінде А. Фишер «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясының жұмысына оң баға берді, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Одағымен ынтымақтастықты кеңейтуін құптады.

Кездесу барысында Е. Ыдырысов бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол А. Фишердің назарын реформаның екі секторына аударды: судья корпусын қалыптастыру тәртібін жетілдіру және сот өндірісін жаңғырту, сондай-ақ төрт сатылы сот құқығы жүйесінен үш деңгейліге ауысу және құқық саласындағы басқа да бірқатар жаңалықтар.

«Қазақстан диалогқа ашық және демократияны, адам құқығы мен заң үстемдігін күшейту мәселесінде Еуропа Кеңесімен ынтымақтастықты нығайтуға ниетті», - деп түйіндеді кездесуде Е. Ыдырысов.

Дереккөз:Іnform.kz

2 маусым 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.