Атырау, 25 маусым 15:18
 дождьВ Атырау +29.2
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Назарбаев өңірлік қолбасшылықтардың екі басшысын қызметінен босатты

2 228 рет қаралды

Фото: Қазақстан жаңалықтары"Оңтүстік" және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне Марат Рахымұлы Құсайынов; "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне Нұрлан Мұсақанұлы Қашағанов тағайындалды.

Сонымен қатар, Талғат Мамыртайұлы Қойбақов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен; Мұрат Кәрібайұлы Бектанов "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Дереккөз: Тengrinews.kz


2 маусым 2016, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.