Фото: Tengrinews.kzҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушыларға Ұлттық бірыңғай тестілеуде сәттілік тіледі. Ол Алматыдағы ҰБТ тапсыру пункті орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ-ға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр таңғы сағат 8.30-да келді. Ол бірқатар аудиторияны аралап шығып, оқушыларға қатты уайымға салынбауларын айтты. "Тестілеуде сәттілік тілеймін. Уайымдамаңыздар және биыл сіздер ҰБТ-ны қайталап тапсыра ала алатындарыңызды есте сақтаңыздар. Барлығыңыз жақсы балл алыңыздар", - деді Сағадиев.
Осыдан кейін ол БАҚ өкілдерімен кездесіп, ҰБТ-ға дайындық барысы жайлы айтып берді. Министрдің айтуынша, соңғы апталар бойында барлық орталықтарды министрліктің және құқық қорғау органдарының тексергенін айтты. Сағадиев ата-аналардың да уайымдамауын сұрады, себебі барлық аудитория "таза" әрі балалары тестке бейқам отырып қатыса алады.
"Біз ҰБТ өтетін 165 орталықтан сағат сайын мәлімет алып отырамыз. Жоғары оқу орындарында оқығысы келетін балаларға ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік бердік. Мен іште болдым және қораптар балалардың көзінше ашылды, олар маған сенімді екенін және тестті тапсыруды бастағанын айтты. Сондықтан уайымдауға себеп жоқ", - деді министр.
ҰБТ 2016 жылдың 2-10 маусымы аралығында елдің барлық өңірінде, 165 арнайы жабдықталған пунктте өтеді. 115 пункт аудан орталықтарындағы мектептердің ғимаратында орналасқан, 50 пункт облыс орталықтарындағы ЖОО-ларда, Астана мен Алматыда орналасқан. Барлық пунктте мемлекеттік комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. ҰБТ 1114 аудиторияда өтеді. 2016 жылы 121 092 оқушы мектеп тәмамдады. Олардың 83 330-ы қазақ тілінде білім беретін мектепті, ал 37 762-сі орыс тілінде білім беретін бөлімде аяқтады. ҰБТ-ға қатысу туралы өтінішті 86 991 адам берген, бұл еліміздегні жалпы түлектердің 82 пайызы (63021 - қазақ тілінде, 23970 - орыс тілінде).
Қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсырады. Келесі оқу жылынан бастап оқуды аяқтау және Жоғары оқу орындарына түсу емтихандары екі кезеңге бөлінеді.
Дереккөз: Тengrinews.kz