Атырау, 29 қараша 09:55
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

АҚШ елшілігінің өкілдері Алматыдағы "митингтерге қарсы митингтер" туралы пікір білдірді

1 711 просмотра

АҚШ елшілігінің өкілдері Алматыдағы "митингтерге қарсы митингтер" туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, 31 мамырда 20-ға жуық адам Қазақстан Президентін қолдап, шеру ұйымдастырған болатын.

Олар қолдарына плакаттар ұстап, 21 мамырда АҚШ-та эиникалық қазақтардың қазақстандық билікттің саясатын сынап, митинг ұйымдастырғанына қарсы наразылық білдірді.

Америкалық дипломаттар Алматыдағы бас консулдықтың 31 мамырда акцияға қатысушыларға қатысты ешқандай да шара қолданбағанын хабарлады.

"АҚШ үкіметі мен АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының Құрама Штаттардағы Қазақстанмен байланысты қандай да бір наразылықтарға ешқандай қатысы жоқ. АҚШ елшісі Джордж Кролдың айтуынша, наразылық білдірушілерді АҚШ үкіметі қаржыландырған деген қауесеттердің жалған екенін айтты. АҚШ үкіметі қандай да бір наразылықтарды қаржыландырмайды, бірақ Құрама Штаттарындағы және әлем елдеріндегі сөз бостандығы құқығын қолдайды", - делінген елшіліктің хабарында.

Сонымен қатар, наразылық акцияларына қатысты Алматы қалалық ІІД өкілдері түсінік берді. Департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің айтуынша, "митингке қарсы митингке" қатысушылардың ешқайсысы ұсталмаған.

Дереккөз:Тengrinews.kz

1 маусым 2016, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.