Атырау, 22 желтоқсан 18:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Еліміздің басым аумағында жаңбыр жауып, жел күшейеді

10 836 рет қаралды

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Bnews.kz.

Тек республиканың солтүстік батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан,Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел – 15-20 м/с.

Павлодар, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары болады.

Дереккөз: Вnews.kz


1 маусым 2016, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.