Атырау, 29 қараша 09:31
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Шетелдік инвесторлар салық төлемегені үшін қылмыстық жазаға тартпауды сұрап отыр

2 493 просмотра

Фото: Akorda.kzШетелдік инвесторлар салық саласындағы заң бұзушылықтар үшін қайта-қайта қылмыстық жазаға тартуды орынсыз деп санайды. Олар аталған жазаны қолданбауды сұрап отыр. Бүгін Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 29-шы отырысында Қазақстандағы «Дойче Банк А.Г.» өкілділігінің басшысы Ульф Вокурка осы бір мәселені Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізді, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі.

«Біз салық бойынша заң бұзушылықтарды декриминализациялауды, яғни салықтар мен айыппұлдарды төленсе, қылмыстық жазаны қолданбауды ұсынамыз. Салық саласындағы болар-болмас құқық бұзушылықтары үшін шетелдік инвесторларды қылмыстық жазаға тарту әлі күнге дейін проблема болып тұр. Қазіргі кезде 20 мың айлық есептік көрсеткіш, бұл шамамен 42 миллион теңге немесе 126 мың доллар көлемінде салық төлемегені үшін қылмыстық істі қозғап жатады. Шетелдік инвесторлардың басым бөлігі ірі компаниялар екенін ескерсек, есеп-қисап кезіндегі кішігірім қателіктің кететіні белгілі. Содан жаңағы салық шектеуін сақтау қиын. Ол үшін қылмыстық жазаға тартады. Негізі, салық төлемдері, ірі айыппұлдар мен пенялардың есебінен бюджеттің барлық шығындары өтеледі. Алайда осы заң бұзушылықтар үшін қайтадан қылмыстық жазаға тартуды орынсыз деп санаймыз», - деді У.Вокурка кеңестің пленарлық мәжілісі кезінде. Президент Н.Назарбаев Үкіметке аталған ұсынысты қарастыруды тапсырды.

Айта кеткен жөн, Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі 1998 жылы консультативтік орган ретінде құрылған болатын. Аталмыш кеңес елімізде жұмыс істейтін инвесторларға Президент және үкімет мүшелерімен тікелей диалог орнатуға мүмкіндік беретін алаң іспетті. Биылғы отырысқа Еуропа қайта құру және даму банкі, Chevron, ERG, Metro Cash&Carry, JP Morgan & Co., Citigroup, Baker & McKenzie, Ernst & Young, Lukoil және тағы басқа компаниялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуда.

Дереккөз: Вaq.kz

27 мамыр 2016, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.