Фото: vrk.newsНұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды бүкілхалықтық референдум өткізуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тәжікстан перзидентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, телефон арқылы сөйлесу қазақстандық тараптың бастамасымен болған.
Қазақстан Президенті Эмомали Рахмонды Республика Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуімен құттықтай отырып, Тәжікстанның ары қарай дамуына тілек білдірді.
Бауырлас екі елдің басшылары өңірлік қауіпсіздік және тұрақтылық жөнінде пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Еске салайық, Тәжікстанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өткен болатын. Жаңа өзгерістерге сәйкес, қазіргі президентке қайта сайлануға шектеу қойылмайды. Сонымен қатар, діни, ұлттық негіздегі партиялардың құрылуына тыйым салынды.
Дереккөз: Тengrinews.kz