Атырау, 29 қараша 09:40
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Назарбаев офшорға салық енгізуді ұсынды

1 620 просмотра

Фото: akorda.kzНазарбаев офшорға салық енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана экономикалық форумында Қазақстан Президенті БҰҰ қамқорлығымен адам капиталының дамуы қорын құруды ұсынды, оның басты міндеті кедей елдердегі білім беру мен денсаулық сақтаудың сапасын жақсарту болады.

"ЮНЕСКО мәліметінше, кедей елдердегі базалық жалпы білім беруді қамту үшін 50 миллиард доллар шамасында қаражат қажет екен. Бұл проблеманы халықаралық қоғамдастық күш біріктірген жағдайда ғана шешуге болады", - деді Мемлекет басшысы.

Ол экономикалық өсімнің регенерациялануы үшін, спекулятив қаржы құралдарын өткізбеуі керек, я болмаса ол офшор аймақтарында қалмауы керек, оның орнына табыстар білім беру, денсаулық сақтау және инфрақұрылымның дамуына қайта қаржыландырылуы үшін жағдай жасау керек.

"Бүгінде әлемдік мамандардың бағалауы бойынша, офшор есепшоттарында 340 триллион доллар бар. Бұл активтерге ең болмаса жаһандық 1 пайыз салықты енгізу дамушы елдердегі білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік жасар еді. Бұл салықтан түскен қаражатты жоғарыда аталған адам капиталының дамуы қорына салуға болар еді. Меніңше, ХВҚ, Дүниежүзілік банк жаһандық экономиканың деофшоризациялануы бойынша тиімді шаралар жүргізе алар еді", - деді Қазақстан Президенті.

Дереккөз:Тengrinews.kz

26 мамыр 2016, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.