Атырау, 29 қараша 09:54
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Үш тілде білім беруді 300 мыңдай қазақстандық қолдады – Жастар ұйымы

3 064 просмотра

Үш тілде білім беру жүйесін мектептер мен жоғары оқу орындарында енгізу туралы үндеуге 300 мыңнан астам қазақстандық қол қойған, деп хабарлайды Baq.kzтілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз отырысында жастар ұйымдары өкілдері мәлімдеді.

Брифинг барысында «Қазақстан жастары конгресінің» атынан Айдын Сабитов, «Жас ұлан» Біріккен балалар мен жасөспірімдер ұйымынан» Александр Тен, «Сары-арқа» Кәсіпкерлер ассоциациясы атынан Эрик Сағиев, «Қазақстан студенттерінің Альянсі» атынан Мержан Абылқас және Қазақ-түрік лицейінде физика пәнінің жас мұғалімі Әсет Қабдиев үндеу туралы атап өтті.
«Қазақстан жастары конгресі» бастаған туралы ой жастарға білім және ғылым саласындағы өзгерістер туралы материалдардың жарыққа шығуынан туындап отыр.
Үш тілде білім беру жүйесін мектептер мен жоғары оқу орындарында енгізу туралы үндеуге 300 мыңнан астам қазақстандық қол қойған. Үндеуді «Қазақстан жастары конгресі», «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының Республикалық штабы, «Болашақ» стипендиаттарының ассоциациясы және тағы басқа ұйымдар қолдады дейді олар.
«Қазіргі таңда халықаралық ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіну үшін министр немесе ғалым болу керек емес. Мұны Қазақстанның әр жас азаматы түсінеді. Үш тілді білудің келешекке жол ашатыны да түсінікті. Болашақта Қазақстанды жаңа буын дамытады, сондықтан ертең әлемнің алдыңғы қатарлы, заманауи жастарымен бір деңгейде болу үшін бүгінде біз нені, қалай үйренетінімізге немқұрайлы қарай алмаймыз!» - деп жазылған үндеуде.
Өз кезегінде Айдын Сабитов: «Жастар үлкендердің және көптеген ата-аналардың қорқынышын түсінеді. Олар балалар барлық бағдарламаны қабылдап үлгермейді, мемлекеттік тілді ұмытады деп қорқуда. Бірақ біз жеке сенімдіміз, өскелең ұрпақта бәрі болады. Біз басқа нәрседен қорқамыз, біз бүкіл әлемнің дамуынан қалып қоямыз деп қорқамыз», деп алаңдаушылық білдірді.

Дереккөз: Вaq.kz

26 мамыр 2016, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.