Фото: kursiv.kzБүгін Астана экономикалық форумы аясындағы Қазақстанның жекешелендіру форумының алғашқы отырысы жабық күйінде өтті, деп хабаралайдыBaq.kzтілшісі.
Отырыстан кейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев аталған шара туралы айтып берді. «Форум аясында біз Қазақстанның жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып бердік. Инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Олар бізден жекешелендіру науқанына қаншалықты жылдам кірісе алатынымызды сұрап жатыр. Алайда активтерді қалай сатамыз, олардың бағасы қандай болады және тағы басқа сұрақтар бойынша жұмыстар енді ғана басталып отыр. Бұл жұмысқа кәсіби консультанттар тартылуда. Себебі біздің активтерді дұрыс бағалап алу қажет. Бұл жұмысқа әлі де уақыт керек. Асығуға болмайды. Меніңше, қалыпты жүктілік 9 ай жүрсе, жекешелендіру де (белгілі бір уақыт – авт.) солай жүруі керек», - деді Е.Досаев.
Айта кетейік, жекешелендіруге «Самұрық - Қазына» қорына кіретін активтер шығарылып отыр.
Дереккөз: Baq.kz