Атырау, 8 наурыз 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 493.85
€ 571.78
₽ 6.25

ҚР білім және ғылым министрі оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады

2 791 рет қаралды

Фото: Тengrinews.kz ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордадағы №75 гимназияның салтанатты шарасында БҒМ басшысы бірінші кезекте мектеп түлектеріне қарата сөз айтты. "Сіздер жаңа әлемге қадам басасыздар. Бұл әлем тіпті басқа болады - меніңше, университеттің бірінші курсында сезесіздер. Бар айтқым келетіні - сіздер керемет мектепті тәмамдадыңыздар, жақсы білім алдыңыздар. Барлығыңызға ҰБТ-да сәттілік тілеймін, елдің, шетелдің үздік ЖОО-ларына түсуді тілеймін. Керемет мамандық таңдауларыңызға тілектеспін. Біздің ұлы ғалымдарымыз, ұлы жазушыларымыз, ұлы инженерлеріміз болсын", - деді Сағадиев.

Дереккөз: Тengrinews.kz

25 мамыр 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.