Фото: Оtyrar.kzОсыдан екі апта бұрын, яғни 10-мамыр күні жоғалған Әйгерім Оспанбекованың мәйіті Сарыағаш ауданынан табылды. Қазіргі уақытта күдікті ретінде 1990 жылғы жігіт ұсталды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар. Ұсталған жігіттің үстінен кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Еске салайық, Студент қыз Шымкент қаласына оқуға баруы үшін үйінен шыққан. Полицейлер Әйгерімнің 10 мамырда күндізгі сағат үштер шамасында заттарын жинастырып, жолға шыққанын анықтады. Ол Жетісай-Шымкент тасжолының бойынан жолай көлікке отырып, Шымкентке жетуі керек болған. Бірақ, із-түссіз жоғалып кетті.
Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың туыстарымен, еріктілермен, облыс жұртшылығымен бірлесіп Әйгерім Оспанбекованы іздеген болатын. Ал бүгін оның мәйіті Сарыағаш ауданынан табылғаны хабарланды.
Дереккөз: Оtyrar.kz