Атырау, 29 қараша 08:35
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Алматы облысында ғимаратты бұзу кезінде сарбаз қаза болды

2 647 просмотра

Фото: 360tv.ruАлматы облысында ғимаратты бұзу кезінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген сарбаз қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мамырдың 21 күні ғимаратты бұзу жұмыстарын жүргізіп жатқанда құрылыстың бір бөлігі опырылып, салдарынан опырылған бөлігі жанында тұрған 12740 әскери бөлімінің мерзімдегі қызметкері Ескендір Жақашевқа құлап кеткен", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Ауыр зақым алған әскери қызметкер Сарыөзек ауылындағы әскери ауруханада қайтыс болды.

1997 жылы дүниеге келген Ескендір Жақашев мерген-зенитші болып қызмет еткен. 2015 жылы ол Жамбыл облысы Қордай ауданына әскерге шақырылған.

21 мамыр күні 12740 әскери бөлімінде саябақ-шаруашылық күні өткізілген. Ол күні әскери бөлімнің аумағында ұйымдастырылған бөлімшелерде соғыс машиналарын тұраққа қою жұмыстары жүргізілді.

"Бұл оқиғаның негізгі себебі - ғимаратты бұзу жұмыстары кезінде техника ережелерін сақтамау. Қазір әскери қызметкердің отбасына барлық материалдық төлемдер өтелді. Бұл оқиға туралы деректер құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберіледі", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз:Тengrinews.kz



23 мамыр 2016, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.