Атырау, 29 қараша 08:32
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстан "шейх Халилді" экстрадициялауы мүмкін

2 243 просмотра

Әбдухалил Әбдужаппаров ("шейх Халил"). © fergananews.com

Қазақстан Сауд Арабиясынан "шейх Халил" деген атпен танымал болған Әбдухалил Әбдужаппаровты экстрадицияламақшы, - деп хабарлайды Тengrinews.kz агенттігі "Фергана.Ру" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Астана Әбдужаппаровты Қазақстанда, әсіресе елдің батысында рұқсат етілмеген дінді таратты деп айыптап отыр.

"Бейресми мәліметтерге сүйенсек, "шейх Халил" Мединеде Қазақстанның тағы бес азаматымен бірге 2015 жылдың 20 желтоқсанында ұсталыпты. Олардың нақты не себеппен қамауға алынғаны белгісіз. Дегенмен Қазақстан ҰҚК жақын күндері Әбдужаппаровтың туыстарына хабарласып, оны жақын арада елге қайтаратындарын хабарлаған. Сонымен қатар, олар туыстарынан Әбдужаппаровқа қатысты "уаххабизмді насихаттады" деген куәлік берулерін сұрапты", - делінген басылымда.

Агенттік өкілдері Әбдужаппаровтың "қазақстандық жастардың арасында танымал" болғанын айтады.

Әбдухалил Әбдужаппаров 1975 жылы ОҚО Сайрам ауданында дүниеге келген. Ислам дінін облыстағы мешіттердің бірінен оқыпты. 1999 жылы Исламбадтағы университеттердің бірін бітіреді. Қазақстанға оралғаннан кейін ол Шымкенттегі Қазақ-Кувейт университетінде сабақ берген.

Кейін Атырауда, одан соң Орал қаласына көшеді. Сол өңірлерде ол сәләфит идеяларын насихаттаумен айналысқан.

Дереккөз: Тengrinews.kz


23 мамыр 2016, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.