Фото: Bnews.kzАстанада Жер реформасы жөніндегі мемлекеттiк комиссияның екiншi отырысы басталды, деп хабалайды BNews.kz тiлшiсi.
Екiншi отырысқа комиссияның 75 мүшесiнiң 67-сі қатысып отыр. Комиссия төрағасы, Үкiмет басшысының бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев жеткiзгендей, бес адам белгiлi бiр себептермен келе алмады. Ал екi адам комиссия құрамынан өз еркiмен шығып кеттi.
Жер реформасы жөнiндегi комиссия Президенттiң тапсырмасымен құрылды. Комиссия құрамына 75 адам кіріп отыр, олардың iшiнде Мұхтар Шаханов, Мұхтар Тайжан, Мұрат Әбенов, Айдос Сарым, Бекболат Тілеухан, Жармахан Тұяқбай секілді көпшілікке белгілі тұлғалар бар.
Президент Жер кодексiнiң қоғамдық резонанс тудырған бiрқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев кең көлемді түсіндіру шараларын жүргізіп, бұл жұмысқа бүкіл партиялар мен қоғамдық ұйымдарды, жер мәселесі бойынша өз позициясын білдірген барлық азаматтарды диалогқа шақыруды тапсырған болатын.
Дереккөз: Bnews.kz