Алматыда Республика алаңының маңы қоршауға алынды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары Бәйсейітова көшесі аймағын: Абай даңғылынан жоғары, Республика алаңының маңына дейінгі аралықты қоршауға алды. Әзірше полиция пікір білдірмей отыр.
Куәгерлердің айтуынша, кәріз құдығында белгісіз қап табылған.
Айта кетейік, Республика алаңы жабылған жоқ. Тұрғындар эвакуацияланбады.
Дереккөз: Тengrinews.kz