"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры бұқаралық ақпарат құралдарының журналистеріне, штаттан тыс тілшілеріне, блогерлер мен әлеуметтік желіні белсенді қолданушыларға арналған шұғыл желі ашты,- деп хабарлады Азаттық.
"Әділ сөз" ұйымы сайтында жарияланған хабарламада шұғыл желінің 20-21 мамыр күндері жұмыс істейтіні хабарланған. Ұйым журналистер, блогерлер мен әлеуметтік желіні белсенді қолданушылары митингіден хабар тарату кезінде құқығы бұзылса, құқықтық кеңес, көмек керек болған жағдайда мына байланыс телефондарына +7 7272 72 57 81, +7 7272 61 05 31, +7 7272 72 56 30, 8 705 560 98 90 хабарласуды, немесе 8 701 744 49 36, 8 701 400 79 77, 8 707 700 13 22 нөмірлері бойынша WhatsApp және Telegram желілеріне хабарласуды сұрайды.
Қазақстанда жер мәселесіне байланысты белсенділер мен қарапайым азаматтарды қамау кейінгі үш-төрт күнде күрт жиіледі. Астана мен аймақтарда полиция ұстап, сот 10-15 тәулікке абақтыға жапқан азаматтар саны 20-дан асты. Прокуратура кейбір журналистер мен әлеуметтік желіні белсенді қолданушыларға 21 мамырда митингі болуы мүмкін деген қауіппен өздеріне шақыртып, ескерту жасап жатыр.
Дереккөз: Аzattyq.org