Атырау, 29 қараша 08:39
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Бас прокурор митингке қатысты арандатулардан аулақ болуға шақырды

2 085 просмотра

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов қазақстандықтарға арандатушылардың митингке қатысу туралы үндеулерінен сақ болуға шақырды,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Қазақстандықтарға жер реформасына қатысты ресми мәлімдеме жасауға рұқсат беріңіздер. ҚР Президентінің 2016 жыл 6 мамыр күнгі Жарлығымен Жер кодексінің жекелеген нормаларына мораторий жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен азаматтық қоғам институттарының жетекшілері мен белсенділері кіретін жер реформасы бойынша комиссия құрылды. Аймақтық деңгейде азаматтар қоғамдық кеңестер арқылы комиссия жұмысына қатыса алады. Комиссия талқылауы ашық өтуде, оның барысы БАҚ беттерінде жарияланып тұрады. «Жертуралы.Кз» сайтында өз сауалдарын қоя алады, ұсыныс-тілектерін жеткізуге мүмкіндіктері бар. Осылайша, жер мәселесі бойынша, қоғамдық, топтық және жеке бас мүдделерін еркін жеткізуге жағдай жасалып отыр», - деп атап өтті ол бүгін ҚР Бас прокуратурасының заңдылықты қамтамасыз ету консультативтік кеңесінің отырысында.

Дегенмен, жекелеген тұлғалар бұл жағдайларды және заңды ескерместен, ортақ сұxбатқа келуден бас тарта отырып, xалықты арандатуды жалғастыруда, дейді Бас прокурор.

«Қасақана саясиландыру, әлеуметтік және ұлттық алауыздықты өршітетін жалған ақпаратты тарату жүріп жатыр. Ондай әрекеттер ҚР заңнамасына қайшы келеді. Осы орайда, қазақстандықтарға мұндай арандатуға мойынсұнбауды, тұрақтылық пен біздің азаматтарымыздың өміріне қауіп төндірмеу үшін қатаң азаматтық ұстаным көрсетуге шақырамын», - деді Ж. Асанов.

Сонымен қатар Бас прокурор заңсыз митингке шақыру, оған қатысу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетіндігін де тілге тиек етті.

«Құқық қорғау органдары кезкелген заңбұзушылықты алдын алуға және заңға сәйкес қылмыстық қудалауға дейін тиісті шараларды қабылдауға міндетті», - дейді Ж.Асанов.

Дереккөз:Іnform.kz

20 мамыр 2016, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.