Атырау, 29 қараша 08:40
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әлеуметтік желілерде көтеріліп жатқан мәселелерге талдау жасалады - Сағынтаев

2 379 просмотра

Фото: ortcom.kzҚазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының қорытындысын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингі барысында ол көп ұсыныстың түскенін, оның барлығы қарастырылатынын айтты. 1434 номеріндегі call-орталыққа 16 мамырдан бері 700-ден аса қоңырау түсіпті.

"Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан штаб құрдық, сонымен қатар, хатшылар алқасы жұмыс істеп жатыр. Мұнда комиссия мүшелерінің де, аймақтардан түскен ұсыныстар да жинақталады", - деді ол. Сағынтаев әрбір сұрақтың талданатынын айтты.

"Осы жер реформасын талқылауда азаматтардың барынша белсенділік танытуын қалаймыз. (...) Қазір ақпарат құралдарында, оның ішінде әлеуметтік желілерде жарияланған ұсыныстарды қарап жатырмыз. Яғни, Елбасы айтқандай, Жер мәселесіне шын мәнінде алаңдап жатқандардың барлығы пікірін айтуы керек", - деп қоса кетті Сағынтаев.

Айта кетейік, жер реформасы жөніндегі комиссияның құрамына 75 адам кірген болатын. Олардың арасында түрлі саланың өкілдері бар. Комиссияның сенбі күні өткен алғашқы отырысы шамамен 7 сағатқа созылды.

Дереккөз: Тengrinews.kz

19 мамыр 2016, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.