Атырау, 29 қараша 08:38
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ақпарат және коммуникация министрі Facebook әлеуметтік желісінде парақша ашты

2 746 просмотра

Фото: facebook.comҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісінен парақша ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар! Фейсбуктегі бұл парақшаны мен жұмысыма байланысты ашып отырмын.

Бүгінде фейсбук-қоғамдастық қазақстандықтардың азаматтық белсенділігінің айнасына айналды. Ең маңызды әрі өзекті мәселелер осы жерде талқыланады. Сондықтан, мен сіздермен ұдайы байланыста болу арқылы ғана қоғамның тыныс-тіршілігінен толық хабардар болатыныма сенімдімін.

Біздің министрлікке ақпарат кеңістігін, телекоммуникация нарығы мен мемлекеттік қызмет көрсету секторын дамыту жөнінде маңызды міндеттер жүктелді.

Біз үшін әрбір Қазақстан азаматының жүргізіліп жатқан реформалар мен қабылданатын заңдардың мәнін түсінгені, ең өзекті мәселелерге қатысты сауалдарына мемлекеттен сапалы жауап алғаны маңызды.

Бұл жұмысты біз ашықтық пен есептілік сияқты ең басты қағидаттарды негізге ала отырып жүргізетін боламыз.
Ведомствомыз қазір ұйымдастыру мәселелерін шешіп жатыр. Таяу арада жоспарларымызды таныстырып, идеялар мен ұсыныстарды қарастыруға дайын боламыз. Ынтымақтастығымыз жемісті болады деп сенемін! Құрметпен, Дәурен Абаев", - деп жазды ол.

Дереккөз: Тengrinews.kz

19 мамыр 2016, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.